Барселона-2013: Италия-Қазақстан 9:7
АСТАНА. 22 шілде. ҚазАқпарат - Испанияның Барселона қаласында өтіп жатқан су спорты түрлерінен әлем чемпионатында су добы бәсекелері өтіп жатыр,
деп хабарлайды «Аламан».
Қазақстан әйелдер құрамасы «Д» тобындағы алғашқы кездесуінде Италиямен кездесіп, 7:9 есебімен ұтылып қалды. Енді біздің қыздар Бразилия және Венгрия құрамаларымен кездеседі. Ал ерлер құрамасы 22 шілде күні Германиямен алғашқы ойынын өткізеді. Кейін Италия, Румыния құрамаларына қарсы ойнайды.
Синхронды жүзуден апалы-сіңілілі Александра және Екатерина Немичтер жұптасып өнер көрсетудің техникалық жарысында 16 орын алып, еркін бағдарламаға өтті.