«Барселона» Чемпиондар лигасында 5-ші рет жеңімпаз атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Испанияның «Барселонасы» италиялық «Ювентусты» ұтып, Чемпиондар лигасының тарихында 5-рет жеңімпаз атанды.

«Барселона» Чемпиондар лигасында 5-ші рет жеңімпаз атанды

«Барселонадан» Иван Ракитич (4-ші минут), Луис Суарес (68-ші минут), Неймар (90-шы минут) гол соқса, «Ювентустан» Альваро Мората (55) ерекше ойынымен көзге түсті.

Испандықтардың жартылай қорғаушысы Хави турнирдегі 151-ші ойынға қатысқан тұңғыш футболшы атанды.