«Барселона» Чемпиондар лигасының финалына шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Каталондық «Барселона» екі кездесудің қорытындысы бойынша мюнхендік «Баварияны» ұтып, Чемпиондар лигасының бірінші финалисі атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Еске сала кетсек, олар 6 мамырда Барселонада өткен 1/2 финалдық ойында 3:0 есебімен жеңіске жеткен еді.
Ал Мюнхендегі қарымта кездесу 3:2 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді. Екі ойынның қорытындысында 5:3 есебімен басым түскен «Барселона» турнирдің финалына шықты.
Олардың қарсыласы «Реал» мен Ювентус» арасындағы ойында белгілі болмақ.
Финалдық кездесу 6 маусымда Берлиндегі Олимпиадалық стадионда өтеді.