«Барселона» футболшысы Суарес спортқа сай емес тәртібі үшін жазаланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Барселона» футболшысы Луис Суарес «Эспаньоламен» ойын кезінде спортқа сай келмейтін тәртібі үшін екі матчқа қатысу құқығынан айырылды.

«Барселона» футболшысы Суарес спортқа сай емес тәртібі үшін жазаланды

Бұл туралы каталондық клубтың ресми твиттерінде жазылды.

«Барселона» ФК бұл шешімге наразылық білдірмекші, өйткені Суарестің өзі тіл тигізу лексикасын қолданбағанына, ал арбитр есебіндегі мәліметтер жалған екенін айтып, сендіруге тырысуда. Егер матчтарға қатысу құқығынан айыру өз күшін жоймаса, Суарес Испанияның кубогының екі ойынынан тыс қалады.

Бұған дейін «Эспаньола» ойыншылары Суарестің алдымен тіл тигізгенін, жанжал кезінде уругвайлықтың нәсілшілдікке қатысты біраз сөздер айтқанына сендіруі хабарланған еді.