«Барселона» - Испания чемпионатының жеңімпазы
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Испания чемпионатында «Барселона» командасы ел жеңімпазы атынды. Әйгілі команда чемпионаттың соңғы турында қонақта «Гранада» ойыншыларымен кездесіп, 3:0 есебімен ойсырата жеңіп, жанкүйерлерін қуанышқа бөледі.Міне, енді «Барселона» 24 рет Испания чемпионатының жеңімпазы атанып отыр.
Команданың бас мергені Луис Суарес соңғы ойында хэт-трик жасап, чемпионат барысында 40 гол соғып, ең үздік сұрмерген атанды.
Айта кету керек, Испанияның «Барселона» мен «Реал Мадрид» командаларының қайсы жеңімпаз болатыны соңғы турға дейін белгісіз болып тұрды. Чемпионат кестесінің қорытынды нәтижесі бойынша «Барселона» 91 ұпаймен алға шықса, 90 ұпай жинаған «Реал Мадрид» екінші орынға ие болды, ал «Атлетико» үшінші орынды иеленді.