«Барселона» Испанияның суперкубогін жеңіп алды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – «Барселона» клубы Испанияның суперкубогін жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Финалдық матчта «Барселона» Мадридтің «Реал» командасын 3:1 есебімен ұтты.

Бұл испаниялық бапкер Хавидің каталониялық клубтың тізгінін ұстағаннан бергі алғашқы табысы еді.

Хавидің шәкірттері таразы басын өздеріне бірінші таймда-ақ аудара білді. 33-минутта 18 жасар Гави есеп ашты. 45-минутта Роберт Левандовски мергендігімен көзге түсті.

Екінші кезеңде жартылай қорғаушы Педри 69-минутта есепті 3:0-ге жеткізді. Тек матчтың соңында ғана 90+3-минутта Карим Бензема бір ғана голмен жауап берді.

Осылайша, «Барселона» Испания суперкубогін 14 рет ұтып алып, өз рекордын жаңартты. Ал «Реалдың» еншісінде 12 суперкубок бар.

Чемпиондар лигасында өз тобында үшінші орын алып, плей-офф кезеңіне өте алмағанына қарамастан, «Барселона» Испания біріншілігінде көш бастап келеді. Хавидің командасы 41 ұпаймен бірінші, «Реал» (38) екінші орында тұр.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Месси мен Мбаппенің футболдан әлем чемпионатынан кейін қалай кездескенін жазған болатынбыз.


Фото: YASSER BAKHSH/GETTY IMAGES
Соңғы жаңалықтар
telegram