«Барселона» Мессимен келісімшартты 2022 жылға дейін ұзартпақшы

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Барселона» футбол клубының басшылығы жақын арада Лионель Мессимен келісімшартты ұзартпақшы, деп жазады 24.kz.

«Барселона» Мессимен келісімшартты 2022 жылға дейін ұзартпақшы

Жергілікті БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, аргентиналық футболшымен келісімшарт 2022 жылға дейін жасалмақ. Осы арқылы Лео 2021/22 жылдардағы маусымда қолданысқа берілетін жаңа стадионда өнер көрсету мүмкіндігіне ие болады.

Басшылық 28 жастағы аяқдоп шеберімен осыған дейін 2018 жылға дейін келісімшарт жасасқан. Сонымен қатар каталониялық клуб жартылай қорғаушы Серхио Бускетс пен шабуылшы Неймардың да келісімшарттарын ұзартуға тырысып жатыр.