«Барселона» Неймарды сотқа бермек
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Барселона» каталондық футбол клубы бразилиялық шабуылшы Неймардан 8,5 миллион доллар өндіріп алмақшы.
Бұл туралы AFP хабарлады.
Басылымның дерегі бойынша, көк-қызғылттар жасалған келісімшартты бұзғаны үшін өзінің бұрынғы ойыншысынан өтемақы өндіріп алмақшы.