«Барселона» «Реалды» ойсырата жеңді - ВИДЕО

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Мадридте Испания чемпионатының 12-туры аясында «Барселона» мен «Реал» командаларының кездесуі өтті. Кездесу Астана уақытымен 23:15-те басталып, санаулы сәттер бұрын аяқталды.
None
None

Ойын тартысты өтіп, «каталондықтар» «Корольдік клубты» тас талқан етіп жеңді - 4:0.

Суарес ойынның 11 және 74-ші минуттарында екі голды қарсылас қақпасында тулатты. Неймар 39 минутта есепті еселесе, Иньеста 53-минутта төртінші голды салған болатын.

Кездесу барысында Родригес, Алвес, Рамос, Карвахаль, Бускетс сынды ойыншылар ескерту алып, Иско алаңнан қуылды.

Соңғы жаңалықтар