Барселона - Тель-Авив авиарейсінде он жолаушы есінен танды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Барселона - Тель-Авив чартерлік авиарейсін орындаған Boeing 737 лайнерінің борт жүйесінде ауа желдеткіш жүйесі істен шығып, бірнеше жолаушылар естерінен танып қалды.
Бұл туралы израильдік БАҚ хабарлады.
Олардың деректерінше, чартерді Израиль банктерінің бірінен тапсырыс бойынша испандық Air Europa авиатасымалдағышынан Air Europa компаниясы жалға алған.
Ұшар алдында ұшқыштар қозғалтқышты қыздырған кезде-ақ жолаушылар салонда газ иісін сезген. Ұшқан шақта ол ұлғая түскен. Бірнеше адам өзін жайсыз сезініп, оншақты адам естерінен танып қалды. Израильдік басылымдардың мәліметтеріне сүйенсек, борт серіктері барлығына қажетті көмек көрсеткен.
Салондағы иіс Бен-Гурион әуежайына қонғанға дейін сақталған.