Барселонада Католония тәуелсіздігі үшін шеру өтіп жатыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Испанияда Барселонаның орталығында Каталонияның тәуелсіздік алуын жақтаушылар жаппай қарсылық шарасын өткізіп жатыр, деп хабарлады ВВС.
Каталония алаңы мен орталық алаңдарға мыңдаған адам жиналған. Осы аптада автономия басшысы Артур Мас 9 қараша күні халықтың ниетін білу мақсатында, ешқандайда заңдық күші жоқ дауыс беруді өткізу туралы шешім қабылдаған болатын. Бұл шешім партия ішіне жік салды.