Барселонада өткен наразылық шеруінің соңы полициямен қақтығысқа ұласты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Барселонада өткен наразылық шеруінің соңы полициямен қақтығысқа ұласты, деп хабарлайды 24.kz.
None
None

Еске сала кетсек, бұған дейін үйсіз жүрген адамдар Грация ауданында бос тұрған банк ғимаратын паналап келген болатын. Испан соты оларды күшпен шығарып жіберу туралы үкім шығарған. Соттың бұл шешімімен келіспеген мыңнан астам адам көшеге шықты.

Куәгерлердің айтуынша, алғашында шеру бейбіт өткен. Алайда сағат түнгі 22:00-ден кейін кейбір шерушілер қоқыс жәшіктерін өртеп, Грация ауданындағы банк кеңселерін қиратып тастапты. Тәртіпсіздікті қадағалау үшін іске полиция араласқанда, наразы топ тәртіп сақшыларына тас лақтырып, арты қақтығысқа ұласты. 15 адам жарақат алып, бір бұзақы қамауға алынған.

Соңғы жаңалықтар