08:13, 20 Ақпан 2016 | GMT +5
«Барселонаның» әр 20-голы Мессиге тиесілі
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Барселона» клубы соққан голдардың 4,39%-ы аргентиналықтың еншісінде, деп хабарлады www.24.kz.

Сәрсенбі күні Месси Ла Лигадағы 300-ші және 301-голдарын соқты. Оның екінші голы өз бастауын сонау 1899 жылдан алатын «Барселонаның» 10 мыңыншы голы ретінде тіркелді. Жалпы алғанда, Лионель «Барселона» сапында өткізген 512 матчында 439 гол соққан, деп жазады eurosport.ru.