«Барселонаның» бас жаттықтырушысы қызметінен кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Испандық «Барселонаның» бас жаттықтырушысы Херардо Мартино лауазымымен қоштасты, деп хабарлады клубтың баспасөз қызметі. Команданың ресми сайтында нақтыланғандай, келісім-шарт тараптардың өзара келісімімен үзілді.
Мартино чемпионаттың қорытынды матчынан кейін чемпион атағына қол жеткізе алмаған уыстан шығып кеткен мүмкіндікке өкініш білдіріп, барлық жанкүйерлерден кешірім сұрады. Ол сондай-ақ өзіне қолдау көрсеткендердің бәріне алғыс айтты.
Ол команданы 2013 жылғы жаздан басқарды және онымен Испания Суберкубогын ойнады. Алайда оның басшылығындағы команда маусымды сәтсіз өткізді, маңызды матчтарда қарымдылық көрсете алмады.
«Атлетикомен» матчта «Барселона» тең ойнады, бірақ та екінші орынға шықты, ал мадридтіктер чемпиондықты иемденді. Чемпиондар лигасында да ширекфиналдағы екі кездесуде, Испания Кубогының финалында каталондықтар «Реалға» жол берді.
Чемпионаттың қорытынды матчында «Атлетикомен» тең ойнағаннан кейін «Барселонаның» жартылай қорғаушысы Андрес Иньеста биылғы маусымды сәтсіз деп атады.