«Барселонаның» стадионы қайта жөндеуден өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Каталониялық «Барселона» командасының жанкүйерлер клубының мүшелері «Камп Ноу» стадионын қайта жөндеу жобасына қолдау білдіріп дауыс берді.

«Барселонаның» стадионы қайта жөндеуден өтеді

Спорттық нысанды жаңарту үшін жанкүйерлердің 72 пайызы дауыс берген. Осы мәселеге байланысты референдумға клуб мүшелерінің 31,65 пайызы келген, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.

«Қазір біз стадионды қайта құрумен айналысатын тәуелсіз команданы жасақтайтын боламыз. Ал 2021 жылы «Барселонада» жаңа стадион болады», - деді «Барселона» футбол клубының президенті Хосеп Бартомеу.

«Камп Ноу» стадионы 1957 жылдың 24 қыркүйегінде салынған. Сол кезден бері онда «Барселона» өз матчтарын өткізіп келеді. Қазіргі таңда бұл Еуропадағы ең үлкен стадион.