«Барселонаның» жаңа бапкерінің есімі белгілі болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Испаниялық «Сельта» командасының бас бапкері Луис Энрике биылғы футбол маусымы аяқталған соң каталониялық «Барселонаны» жаттықтыруға келісімін берді, деп хабарлайды жергілікті БАҚ.
Луис Энрике бұл қызметте Херардо Мартиноны алмастырады. Бұған дейін аргентиналық маман ағымдағы чемпионат аяқталған соң лауазымынан кететіні жөнінде жариялаған болатын. Л.Энрике өзінің командасын жасақтауды бастап та кетіпті. Оның жаттықтырушылар штабына көп жылдар бойы сенімді серігі атанып келе жатқан Роберто Морено енетіні хабарланып отыр.