Барша ел отанымыздың дамуына үлес қосуға талпынып отырған кәсіпкерлерді қолдауы тиіс - Мемлекет басшысы
Бұл туралы бүгін Астанада бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» байқауының жүлдегерлерін марапаттауға арналған шарада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Халықтың мәселесін шешіп, ел азаматтарының жағдайын жақсартуға үлес қосқандар нағыз кәсіпкер болып саналатынын айтып өткен Мемлекет басшысы, «Барлық отандық бизнес үшін қоғамдық игі істерге жұмыс істеудің уақыты жетті деп санаймын. Барша ел отанымыздың дамуына үлес қосуға талпынып отырған кәсіпкерлерді қолдауы тиіс», деді Мемлекет басшысы.
Н. Назарбаев еліміздің қоғамы үшін нақты құндылықтар құрып, жалпы ұлттық байлықты арттырып, қазақстандықтардың отбасына ырыс жеткізіп отырған бизнесмендерге сенім артып, оларға сыйластықпен қарау керектігін атап өтті.