Барша қазақстандықтардың өркендеуі, қауіпсіздігі мен әл-ауқатының жақсаруы біздің мемлекетіміз үшін аса маңызды үштұғырлы міндет болып қала береді

ТАЛДЫҚОРҒАН. Наурыздың 11-і. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ – Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арналған Жолдауында «барша қазақстандықтардың өркендеуі, қауіпсіздігі мен әл-ауқатының жақсаруы біздің мемлекетіміз үшін аса маңызды үштұғырлы міндет болып қала беретіні» айрықша атап айтылды, деп мәлім етті Алматы облысының әкімі Серік Үмбетов,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.«Бұл еліміз дамуы стратегиялық бағытының беріктігін білдіреді. Дағдарысты жеңуге әлемнің жетекші елдері 10 триллион АҚШ долларын немесе барлық әлемдік ішкі жалпы өнімнің 15 пайызын жұмсады. Сарапшылар әлемдік экономика өзінің құлдырау шегіне әлі жеткен жоқ, деп санайды. Бұл жағдайда көптеген мемлекеттер, атап айтқанда, Ресей мен Украина өздерінің ұлттық валюталарын 40-45 пайызға девальвациялады. Қазақстан алғашқылардың бірі болып қаржы секторын тұрақтандыру бойынша алдын-ала шараларды қолданғандардың бірі болды. Отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсету және алтын-валюта резервтерін сақтау үшін теңгенің девальвациясы жүзеге асырылды. Елде дағдарысқа қарсы жоспар қабылданды, мемлекеттік резервтен жеткілікті дәрежеде қаражат бөлінді. Шағын және орта бизнестің экономикалық белсенділігін қамтамасыз ету үшін банктерге қосымша өтімділік мүмкіндіктері берілді. Шағын және орта бизнес субъектілеріне мемлекет 275 миллиард теңге көлемінде қолдау көрсетті. Серік Үмбетовтың айтуынша, осыған байланысты аудандар мен қалалардың әкімдері, облыстық құрылымдардың басшылары өз бюджеттерінің шығыс бөліктеріне оңтайландыру жүргізуі және бюджеттік қаражаттың пайдаланылуын апта сайын бақылауы тиіс. Сонымен қатар, әкімдер мен облыстық ведомстволардың басшылары, аудандық және қалалық тиісті штабтар аптасына қаншама орындардың қысқартылғанын және жергілікті жерлерде қаншасын ашқанымызды біліп отыруы керек. Еңбекпен қамту және кадрларды қайта даярлау үшін Президент Үкіметке 140 миллиард теңге бөлуді тапсырды. Тиісінше жергілікті бюджеттерден осы мақсаттар үшін қаражаттар көзделуі тиіс.Облыс әкімінің атап айтқанындай, еліміздің әрбір тұрғынына қамқорлық таныта отырып, ҚР Президенті Үкіметке әрбір ауыл әкіміне 50-ден және 100 миллион теңгеге дейін бөлуді тапсырды, олар аудандық мәслихаттың бақылауымен халық үшін ағымдағы міндеттерді шешуі тиіс. Осылайша, тек еңбекпен қамту ғана емес, жаңа өндірістің пайда болуы да ынталандырылатын болады. Президенттің Жолдауынан туындайтын міндеттерді орындауда Үкіметтің іс-қимыл жоспарын іске асыру бойынша іс-шаралар барлық облыстық атқарушы органдардың назарына жеткізілді.
Соңғы жаңалықтар