Баршаңызды дерттен сақтанып, карантин талаптарына мұқият болуға шақырамын - Тоқаев

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев карантин талаптарын сақтап, барынша мұқият болу керектігін еске салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Баршаңызды дерттен сақтанып, карантин талаптарына мұқият болуға шақырамын - Тоқаев

«Белгілі қоғам қайраткері, қазақтың ұлттық өнерінің майталманы Бекболат Тілеуханға індеттен тезірек сауығып шығуын тілеймін. Барлық азаматтарды дерттен сақтанып, карантин талаптарына мұқият болуға шақырамын» деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасында.

Еске сала кетейік, бұған дейін Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеуханның коронавирус жұқтырып алғанын жазған болатынбыз.

Осы жағдайдан кейін Мәжіліс мәлімдеме жасады.