Бартоғай су қоймасында жоғалған отбасының туыстары құтқарушыларға алғыс білдірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бартоғай су қоймасында жоғалған отбасының туыстары Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлеріне 2023 жылдың 3 қаңтарында Бартоғай су қоймасындағы таулы жерлерде жоғалған туыстарын құтқарғаны үшін алғыс білдірді.

Бартоғай су қоймасында жоғалған отбасының туыстары құтқарушыларға алғыс білдірді

Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Естеріңізге сала кетейік, жеті адамнан тұратын отбасы (төрт ер адам, екі әйел және бала) 2023 жылдың екінші қаңтарында екі жеңіл автокөлікпен Алматы қаласынан Асы үстіртіне қарай аттанып, үйлеріне оралмады.

Іздеуді ТЖ департаментінің, Республикалық жедел-құтқару жасағының күштері жоғары өтімді техниканы, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдары, полиция департаменті мен еріктілерді тарта отырып жүргізілді.

2023 жылғы 3 қаңтарда сағат 20-30-да Бартоғай су қоймасы тарапынан Республикалық жедел-құтқару жасағы мен Қонаев қаласы жедел-құтқару жасағы тобының күшімен Фесенков атындағы Астрофизика Институтының обсерваториясына жетпей 40-қа жуық автомашина табылды, олардың арасында жоғалған отбасы да болды.

Құтқарушылардың күшімен автокөліктерге жанармай құю және адамдарды колоннадағы машиналармен эвакуациялау жүргізілді. Байланыс спутник арқылы жүргізілді. 2023 жылғы 5 қаңтарда сағат 21.45-те Бортоғай су қоймасындағы қар құрсауында қалған барлық адам эвакуацияланды.

«Жоғалған адамдарды құтқарушылар тапқанын білген туыстары ТЖ департаментінің қызметкерлеріне қажырлы еңбектері үшін шын жүректен алғыс айтып, адамдарды құтқару ісінде денсаулық пен табыс тіледі»,-делінген Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі тартқан ақпаратта.


Фото: gov.kz