«Барымташы» алтыншы машинаны ұрлаған кезінде қолға түсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеу іргесіндегі Сергиев Посад ауданында бірнеше көлік ұрлығы ашылды.
None
None

Мәскеу облысы бойынша РФ ІІМ МБ баспасөз қызметінің хабарлауынша, кезекшілік бөліміне 38 жастағы Сергиев Посад ауданының тұрғыны өзінің автомобилі жоғалғанын жеткізген.

Шұғыл іздестіру шараларының барысында «барымташы» құрықталды. Ол осы ауданның 20 жасар тұрғыны болып шықты. Тексере келгенде, күдіктінің тағы бес машина ұрлығына қатысы барлығы анықталды. Ол өзінің кінәсін мойындады және көліктерді бөлшектеп сату мақсатымен ұрлағандығын айтты.

Соңғы жаңалықтар