Барымташылар полиция қызметкеріне оқ атты

АСТАНА. Қазанның 6-сы. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Шығыс Қазақстан облысындағы «Ұнай» қыстауының маңында белгісіз адамдардың қарулы тобы жықы ұрлап, артынан қуған полиция қызметкеріне оқ атқан. Бұл туралы бүгін өткен апталық брифинг барысында ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Қуанышбек Жұманов мәлім етті.

Барымташылар полиция қызметкеріне оқ атты

«Қазіргі кезде ұсталған барымташылардан 45 бас жылқы, кіші калибрлі винтовка және тегіс ұңғылы мылтық тәркіленді. Олардың осы іспетті қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде», - дейді Қ.Жұманов.