«Барыс» 10 ойын қатарынан қарсылас шыдатпаған ЦСКА-ны жеңісті жолынан жаңылдырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астананың «Барысы» ҚХЛ жыл сайынғы чемпионаты аясында өз айдынында мәскеулік ЦСКА командасын 4:0 есебімен жеңіп кетті. Осылайша жерлестеріміз 10 ойын қатарынан қарсылас шыдатпаған ЦСКА-ны жеңісті жолынан жаңылдырды, деп жазады tass.ru.

«Барыс» 10 ойын қатарынан қарсылас шыдатпаған ЦСКА-ны жеңісті жолынан жаңылдырды

«Барыс» сапында шайба салған ойыншылар: Вячеслав Трясунов (3-минут), Евгений Рымарев (27), Найджел Доус (43) және Роман Старченко (56).

ЦСКА үшін бұл жеңіліс - осы маусымдағы екінші сәтсіз ойын. Бірінші рет олар «Металлургтен» ұтылған.

ЦСКА батыс конференцияда көш бастап тұр: 12 матчтан кейін 30 ұпай жинаған. Ал «Барыс» шығыс конференцияда 14-ші орында тұр. 9 матчтан кейін 10 ұпай олжалаған.

23 қыркүйек күні ЦСКА сырт айдында финдік «Йокеритпен» кездеседі. «Барыс» болса, 25 қыркүйекте мәскеулік «Спартакпен» сырт айдында ойнайды.