09:42, 07 Қазан 2012 | GMT +5
«Барыс» алтыншы жеңісіне қол жеткізді
АСТАНА. 7 қазан. ҚазАқпарат - Еліміздің «Барыс» командасы Құрлықаралық хоккей лигасы аясында Мытищи қаласында жергілікті «Атланта» клубына қарсы ойнап, 3:1 есебімен басым түсті, деп хабарлады Vesti.kz.

Осылайша, маусым ішінде 13 ойын өткізіп, оның алтауында жеңіске жеткен «Барыс» 20 ұпай еншілеп отыр. Айта кетерлігі, осы ойын басталар алдында қазақстандық команданың бас жаттықтырушысы Владимир Крикунов жаттықтырушылық мансабындағы мыңыншы ойыны үшін Құрлықаралық хоккей лигасының наградасымен марапатталды.
Қазақстандық команда келесі ойынын 8 қазан күні Ярославта жергілікті «Локомотивке» қарсы өткізеді. Ойын астана уақыты бойынша 21:00-де басталады.