«Барыс» америкалық танымал хоккейшімен келісімшартқа отырды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Барыс» хоккей клубы америкалық танымал шабуылшы Эрик Тангрэдиді қатарына қосқанын ресми жариялады. Тараптар 2020 жылдың 30 сәуіріне дейінгі мерзімге шарт жасасқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.
30 жастағы шабуылшы кәсіпқой мансабын «Вайоминг Семинари» сапында бастап, «Питтсбург», «Виннипег», «Монреаль», «Детройт» және «Нью-Джерси» командаларында ойнаған.
Ұлттық хоккей лигасында Тангрэди 150 ойында 16 (5+11) ұпай жинаса, Америка хоккей лигасында 467 матч ойнап, 340 (160+180) ұпайға ие болған.
2016-2017 жылғы маусымда «Гранд Рапидс» сапында АХЛ чемпионы болды.