«Барыс аруы-2014» байқауының финалистері анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астананың «Барыс» хоккей клубы интернет арқылы дауыс беру нәтижелері бойынша «Мисс-2014» конкурсының финалистерін анықтады, деп жазады Vesti.kz.

«Барыс аруы-2014» байқауының финалистері анықталды

Конкурс финалына байқаудың сегіз қатысушысы өтті. «Барыс» ХК финалға Facebook және ВКонтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшаларында дауыс берудің аяқталу сәтінде 300-ден астам дауыс жинаған қатысушыларды жіберу туралы шешім қабылдады.

Сонымен, ақтық сынға Әйгерім Саматова, Гүлназ Алина, Карина Марченко, Қарлығаш Нұрлыбаева, Мәдина Едігенова, Мария Журавская, Наргиз Меңдібаева және Юлия Ветрова сынды арулар жолдама алды. Байқау жеңімпазының есімі 8 наурыз күні белгілі болмақ.