«Барыс аруын» таңдауға дауыс беру басталды (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Барыс» хокеей клубы «Барыс аруын» таңдау бойынша халықтық дауыс беру басталғанын жариялады. Клубтың баспасөз қызметінен хабарлағандай, байқаудың финалына " Facebook" және " ВКонтакте" топтарында ең көп дауыс жинаған үш қатысушы өтеді.Тағы екі қатысушыны байқауды ұйымдастырушылар таңдайды. Одан кейін ойыншылар, жаттықтырушылар штабы, сонымен бірге, клуб әкімшілігі дауыс береді, соңынан жеңімпаз анықталады.Дауыс беру 3 наурыз күні Астана уақыты бойынша 12:00-де аяқталады.