«Барыс» - «Авангард»: қазіргі есеп - 1:1

АСТАНА. 1 ақпан. ҚазАқпарат - Дәл қазір Астанадағы «Қазақстан» спорт кешенінде «Барыс» хоккей клубы «Авангардты» (Омбы облысы) қабылдауда.

 «Барыс» - «Авангард»: қазіргі есеп - 1:1

Ойынның бірінші кезеңі 1:1 есебімен аяқталды. Кездесудің 6-шы минутында Вадим Краснослободцевтың көмегімен Федор Полищук қарсылас команданың қақпашысын қапы қалдырып, есепті ашты. Ал 14-ші минутта Томаш Заборски «Барыстың» қақпасына шайбаны кіргізіп, таразы басын теңестірді. Негізі, бұл шайбаны есепке алмауға болар еді. Себебі ол «Авангард» хоккейшісінің конькиіне тиіп кірді.. Алайда бас төрешілер - Сергей Карабанов және Павел Комаров оны есепке алғанды жөн деп санады.

Әзірше, есеп - 1:1. Айта кетейік, «Шығыс» конференциясында «Авангард» көш бастап тұр. Ал жалпы турнирлік кестеде ол 101 ұпаймен екінші орында орналасты.