«Барыс» — «Автомобилист»: ҚХЛ матчының трансляциясын қайдан көруге болады?

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Құрлықтық хоккей лигасының матчында «Барыс» өз алаңында екатеринбургтік «Автомобилист» командасын қабылдайды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
None
None

Матч бүгін өтеді, Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 17:00-де басталады. «Qazsport» телеарнасынан тікелей трансляция болады.

Кездесу Нұр-Сұлтан қаласының 12000 көрермен сиятын «Барыс-Арена» стадионында болады. Париматч букмекерлік конторы фаворитті анықтай алмады: «Барыстың» жеңісі – 2.40, тең есеп – 3.85, «Барыстың» жеңісі – 2.65.

Командалар осы маусымда үш рет өзара ойын өткізді, барлығы овертаймда аяқталған болатын, қазақстандықтардың қоржынында екі жеңіс болса, ресейліктерде - біреу.

Айта кетейік, қазіргі уақытта «Барыс» Шығыс конференциясы лигасында 51 ұпаймен төртінші орында тұрса, ал «Автомобилист» 52 ұпаймен үшінші орында.



Соңғы жаңалықтар