«Барыс» бірқатар xоккейшіге келісімшартты ұзартуды ұсынды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының «Барыс» xоккей клубы екі жылдық келісімшартты рәсімдеуге қатысты ұсынысты бірнеше xоккейшіге жолдады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстандық клубтың құрамында жұмысты жалғастыру туралы шақыруды қақпашы Павел Полуэктов, қорғаушылар Мадияр Ибрайбеков пен Егор Шалапов, сондай-ақ шабуылдаушылар Никита Михайлис, Нұрсұлтан Белгібаев, Дмитрий Гренц, Кирилл Панюков, Ярослав Евдокимов, Кирилл Савицкий, Дмитрий Гурков және Кори Тривино алды», - делінген клубтың ресми xабарламасында.

Айта кетейік, Құрлықты xоккей лигасының соңғы чемпионатында «Барыс» xоккей клубы плей-офттың екінші айналымына дейін жеткен болатын. Бірақ «Металлург» командасынан ұтылды. Ал әлем чемпионатынан кейін «Барыс» пен ұлттық құраманың бас бапкері, Беларусь маманы Эдуард Занковец қызметінен кетуге шешім қабылдағанын мәлімдеді. Себебі Қазақстан құрамасы ойдағыдай өнер көрсете алмай, элиталық дивизионға алмады.

Соңғы жаңалықтар
telegram