Барыс» ЦСКА-дан 1:3 есебімен жеңіліп қалды
АНА. 28 желтоқсан ҚазАқпарат - Құрлықтық хоккей лигасында Астананың «Барыс» командасы Мәскеуде ЦСКА-дан 1:3 есебімен жеңіліп қалды.
Матчтың 5-минутында ЦСКА командасының ойыншысы Бадюков біздің команданың қақпасына шайба соқты Астаналықтар екінші кезеңде есепті теңестіруге тырысқанымен, мақсаттары орындалмады. Қорытынды 20 минутта ЦСКА хоккейшілері елордалықтардың қақпасына тағы бір шайба соқты. "Барыс" ЦСКА-ның екі шайбасына, бір шайбамен жауап қатты. Елордалық клубтың шабуылшысы Даллмэн 45-минутта ЦСКА қақпашысын қапы қалдырды. Алайда ойынның соңғы минуттарында ЦСКА "Барыстың "қақпасына тағы бір шайба салып, есепті 3:1 есебімен өз пайдасына шешті.