21:31, 30 Тамыз 2014 | GMT +5
«Барыс» Екатеринбор турнирінің жеңімпазы атанды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордалық «Барыс» хоккей клубы Қазақстанның конституция күні мерекесі қарсаңында Екатеринборда өткен «Тас гүл» турнирінде жеңіске жетті.

Финалдық кездесуде қазақстандық команда жергілікті «Автомобилисті» 4:2 есебімен ұтып кетті.
Бұған дейін хабарланғандай, елордалық «Барыс» бұл турнирге бір аптадан кейін басталғалы тұрған КХЛ-дің жаңа маусымына дайындық барысын пысықтау үшін қатысқан болатын.