«Барыс» Екатеринбургтағы турнирдің финалына өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Барыс» хоккей клубы Екатеринбургта өтіп жатқан «Тау гүлі» турнирінің жартылай финалында ханты-мансийскілік «Юграны» тізе бүктірді.
None
None

Ойын 2:1 есебімен қазақстандық команданың пайдасына шешілді. Шайбаны «Барыс» сапынан Дастин Бойд пен Найджел Доус салды.

Финалдық кездесу 30 тамыз күні өтеді. Астаналық команданың қарсыласы кейінірек «Автомобилист» пен «Лада» арасындағы кездесуден соң белгілі болады. Еске сала кетейік, елордалық клуб аталмыш турнирге бір аптадан соң басталатын ҚХЛ-дың жаңа маусымы қарсаңында дайындығын тағы бір рет пысықтау үшін қатысуда.

Соңғы жаңалықтар