«Барыс» Екатеринбургтің «Автомобилист» командасын 8:1 есебімен ойсырата ұтты

None
None
ACТАНА. 3 қараша. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Кеше кешқұрым Құрлықтық хоккей лигиясы аясында астаналық «Барыс» өз айдынында Екатеринбургтің «Автомобилист» командасымен кездесті.

Ойынның бастапқы кезеңінен бастап елордалық команда жақсы ойын өрнегін көрсете алды. Яғни, бұл кезесудегі үш кезеңдегі басымдық «Барыстың» жағында болды. Сонымен бұл дода 8:1 есебімен астаналық команданың жеңісімен аяқталды.

Айта кетейік, осы кездесуге дейінгі мәліметтерге қарағанда, турнирлік кестеде «Автомобилист» хоккейшілері «Барыстан» айтарлықтай қалыс келуде. Биылғы маусым басталғалы екатеринбургтік ұжым 26 ойыннан 19 ұпай жинап, шығыс конференциясында соңғы орында тұрақтады. Ал астаналық команда қанжығасындағы 43 ұпаймен аталған конференцияда 4 орында келе жатыр.

Соңғы жаңалықтар