«Барыс» ХК» бас бапкері болып қазақстандық хоккей мектебінің өкілі тағайындалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Әлеуметтік жобалар қоры» корпоративтік қоры қамқорлық кеңесінің шешімімен «Барыс» ХК» бас бапкері болып Сағымбаев Ерлан Ерлесұлы тағайындалды, деп хабарлады «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.
Е. Сағымбаев Өскеменде 1970 жылы 5 сәуірде туған. Қазақстандық хоккей клубының, Өскемен қаласы «Торпедо» хоккей клубының тәрбиеленушісі. Көптеген жылдар бойы: «Торпедо», «Автомобилист» (Қарағанды қ.), «Авангард» (Омбы қ.), «Металлург» (Новокузнецк қ.), «Сібір» (Новосибирск қ.) хоккей клубтарында жұмыс істеді, ҚР хоккей құрама командасының құрамында ойнады.
«Казцинк-Торпедо» (Өскемен қ), «Сары-Арқа» (Қарағанды қ.), «Ертіс» (Павлодар қ) клубтарының бас бапкері болды. «Қар қабыланы», «Барыс» хоккей клубтарының бапкерлік штабына кірді. ҚР Халықаралық сыныпты (шайбамен хоккей бойынш) спорт шебері. ҚР еңбек сіңірген бапкері. «Қамқорлық кеңесі қазақстандық хоккей мектебінің тәрбиеленушісіне үміт артып отыр. Ерлан Сағымбаевтың есімі хоккей сүйер қауымға таныс. Бапкер ретінде тәжірибесі мол, келешегі зор маман ретінде танылған. Оған жаңа қызметінде табыс тілейміз», - деді Қордың қамқорлық кеңесінің төрағасы А. Мамин.