«Барыс» ХК негізгі ойыншыларының келісімшарттарын ұзартты

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Барыс» хоккей клубының басшылығы негізгі үш ойыншының келісімшарттарын ұзартты, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.
None
None

«Келісімшарт мерзімі шабуылшы Дмитрий Уппермен екі жылға, қорғаушы Майк Ландинмен - екі жылға, қақпашы Виталий Еремеевпен бір жылға ұзартылды», - делінген хабарламада.

Айта кету керек, қазіргі уақытта Қазақстан хоккей құрамасының ойыншысы Кевин Даллманмен келісімшарт жасау жөнінде келіссөздер жүргізілуде. Ол бұдан бұрын 2008-2012 жылдар аралығында «Барыс» сапында ойнаған болатын.

Соңғы жаңалықтар