«Барыс» ХК өз тәрбиеленушісінің қайтыс болғанын хабарлады

АСТАНА. ҚазАқпарат -   «Барыс»  хоккей командасы  өз тәрбиеленушісінің қайтыс болғанын мәлім етті, деп хабарлады клубтың сайтына сілтеме жасап «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 

«Барыс» ХК өз тәрбиеленушісінің қайтыс болғанын хабарлады

null  

«Сіздер  алаңда өткен ойындарда немесе фотолар мен видео-шолуларда аренада кішкентай «барысты» көрген боларсыздар. Командамыздың шын берілген, адал, ақ жарқын жанкүйері, «Барыс-2008»  клубының тәрбиеленушісі - Платон Даниленко жол апатына ұшырап, қаза тапты. «Барыс» хоккей клубы туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады...», - делінген клуб хабарламасында.

null