15:49, 04 Маусым 2014 | GMT +5
«Барыс» ХК өзінің фирмалық ауызсуын шығарды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Құрлықтық хоккей лигасында өнер көрсететін астаналық «Барыс» хоккей клубы өзінің жаңа өнімін - фирмалық ауызсу шығара бастады, деп хабарлайды команданың ресми сайты.
Хабарламада атап көрсетілгеніндей, ауызсу жақын күндері Қазақстанның барлық дүкендерінде сатыла бастайды.
«Сатылым нүктелері жайында біз команданың сайтында және клубтың әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшалары арқылы хабарлап отырамыз», - деп жазады клуб.
Айта кетейік, бұл «Барыстың» бірінші өнімі емес. Мысалы, биыл наурыз айында хоккей клубының «Шайба» және «Біздің жеңіс» атты балмұздақтары шыға бастады.