«Барыс» ХК үздік ойыншылармен келісімшартты ұзартады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордалық клубтың үздік хоккейшілері - Брэндон Боченскиге, Кевин Даллмэнге және  Дастин Бойдқа «Барыспен» келісімшартты ұзарту ұсынысы жасалуы мүмкін, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Осы маусымның аяқталуына орай қазақстандық азаматтығы бар солтүстікамерикалық аталмыш үш ойыншының келісімшарт мерзімі аяқталды және олар автоматты түрде бос агентке айналды. Бүгін Құрылықтық хоккей лигасында трансферлік терезе ашылды және осы ойыншылар заң бойынша кез келген басқа командаға ауыса алады.

Не дегенмен, «Барыс» президенті Александр Корешков «Барыс» көшбасшылары елордалық клубта қалатынын айтты. «Карлссонға, Боченскиге, Даллмэнге және Бойдқа жаңа келісімшарт жасасуды ұсынамыз», - деді Корешков Лиганың ресми сайтына.

Бойд, Боченски, Даллмэн, сондай-ақ Найджел Доус пен Мартин Сен-Пьер   «Барыстың» ғана емес, сонымен бірге Қазақстан ұлттық құрамасының намысын қорғап келеді.  

Соңғы жаңалықтар
telegram