«Барыс» хоккей клубы канадалық шабуылшы Кайл Колдермен келісімшартқа қол қойды

АСТАНА. 7 қаңтар. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/- «Барыс» хоккей клубы канадалық шабуылшы Кайл Колдермен келісімшартқа қол қойды.

«Барыс» хоккей клубы канадалық шабуылшы Кайл Колдермен келісімшартқа қол қойды

Аталған хоккей командасының ресми сайтының мәліметіне қарағанда, Кайл Колдер (1979 жылы туған) «Реджина пэтс», «Каламазу блэйзерс», «Кливденд лумберджэкс», «Чикаго блэк хоукс», «Норфолк эдмиралс», «Сёдертёлье» (Швеция), «Филадельфия флайерс» «Детройт ред уингс», «Лос-Анджелес кингс» , «Бэйкерсфилд кондорс», «Анахайм дакс», «Торонто марлис» командалырында бақ сынаған. Атап айтқанда ол 2003 жылы Әлем чемпионы атанып, ал 1999 жылы жастар арасындағы әлем чемпионатында күміс жүлдеге қол жеткізді. К. Колдер жалпы 3 әлем чемпионаты ойындарына қатысқан. Ұлттық хокей лигасында ол 590 ойын өткізіп, 114 шайба салды.