«Барыс» хоккей клубы жаңа шабуылшылармен толықты
АСТАНА. 19 мамыр. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - «Барыс» хоккей клубы шабуылшы чехиялық Камил Крэпспен және канадалық Джош Грэттонмен келісімшартқа қол қойды. Бұл жайында аталған хоккей клубының ресми сайтында жарияланған.
Камил Крэпс бұған дейін НХЛ құрамында 232 ойын өткізген, сондай-ақ Чехия құрама командасында өнер көрсетті. Ал Джош Грэттон 86 ойынды НХЛ сапында, 35 ойынды КХЛ құрамында өткізді.
Мұнымен қоса «Барыс» хоккей клубының құрамы тағы да 3 ойыншымен толығуы мүмкін. Қазіргі кезде осыған байланысты тиісті келіссөздер жүргізіліп жатыр. Айта кетейік, клуб бүгінде қорғаушы Евгений Фадеевпен келісімшартты ұзартты.