«Барыс» хоккей клубына жаңа бапкер келді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Эдуард Занковец «Барыс» хоккей клубының бас бапкері қызметіне тағайындалды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.
«Барыс» хоккей клубы 2016 жылы 7 қыркүйекте «Барыс» ХК тренерлік штабының бас бапкері қызметіне Занковец Эдуард Константинович тағайындалды. ҚХЛ клубтарында мол бапкерлік тәжірибесі бар. ҰХЛ клубтар жүйесінде жұмыс істеді», - делінген «Барыс» ХК баспасөз қызметінің хабарламасында.
Эдуард Занковец бас бапкерлікке 2007 жылы келген. 2007 жылы 21 қаңтарда 31 мамырына дейін Минскінің «Динамо» клубында бас бапкер болды. 2010-2011 жылдары Беларусь хоккей құрамасының бас бапкері қызметін атқарды. 2011 жылдың 20 желтоқсанында «Авангард» ХК бас бапкерінің көмекшісі ретінде жұмысқа алынды. 2015 жылы 26 наурызда «Авангард» ХК бас бапкері көмекшісі қызметінен кетті.
Хоккейші ретінде ол еңбек жолын 1986 жылы «Динамо-Минск» командасынан бастады. 1986-88 жылдары КСРО чемпионатының бірінші лигасында ойнады. 1988-91 жылдары жоғары лигада өнер көрсетті. 1994-96 жылдары Омскінің «Авангард» сапында ЖХЛ турниріне қатысты. 1996-98 жылдары 2-бундеслигада ойнады. 1998-99 жылдары 1-бундеслигаға ауысып, жақсы нәтижелер көрсетті. 1999-2000 жылдары Солтүстік Америкада өнер көрсетті. Мансабын Ресей чемпионатында «Торпедо» клубында аяқтаған. Беларусь Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері.