«Барыс» хоккей клубына жаңа қақпашы келдi
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Донбасс» және Словакия құрамасының голкиперi Ян Лацо өз мансабын «Барыста» жалғастырады.
Келiсiмшарт бiр жылға жасалды.
Айта кетейiк, «Донбасс» келесi маусымды Украинадағы ауыр ахуалға байланысты өткiзбейтiн болды.
Өткен маусымда 32 жастағы Лацо ҚХЛ чемпионатында өткiзген 14 кездесудiң 10-ында жеңiске жеткен. Сонымен қатар қақпаға орта есеппен 1,49 голдан өткiзiп, соққылардың 94,2%-ын тойтарып отырған. Плей-оффта ол 8 ойынның үшеуiнде жеңiске қол жеткiзiп, 1,71 голдан өткiзген және соққылардың 93,4%-ын қақпаға дарытпаған.
ҚХЛ сайтында хабарланғандай, ойыншылардың «Донбасстағы» келiсiмшарттары бiр жылға тоқтатылады.
Еске салайық, «Донбасс» бапкерi Андрей Назаров «Барысты» басқаратын болды.