«Барыс» хоккей клубының капитаны сайланды

АСТАНА. 30 тамыз. ҚазАқпарат - Астаналық «Барыс» хоккей командасының жаңа капитаны сайланды.

«Барыс» хоккей клубының капитаны сайланды

2012-2013 жылғы кезеңге бұл қызметке шабуылшы Дмитрий Уппер тағайындалды. «Барыстың» бас бапкері Владимир Крикуновтың айтуынша, хоккей клубының барлық ойыншылары команда капитанын жабық дауыс беру арқылы сайлады. «Оның нәтижесі бойынша шабуылшы Дмитрий Уппер команда капитаны болды»,-дейді В.Крикунов. Ал қорғаушы Виталий Новопашин және форвард Константин Руденко капитанның көмекшілері ретінде белгіленді.