«Барыс» хоккей клубының төл балмұздағы шығарыла бастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Барыс» хоккей клубының төл балмұздағы шығарыла бастады, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.
None
None

Балмұздақ екі түрде өндірілетін болады, «Шайба» деп аталатын балмұздақ шоколадтан жасалса, екіншісі кілегей қосылған тәтті «Біздің жеңіс» атауымен сатылымға шығады.

Ең алғашқы балмұздақтардың дәмін тек «Қазақстан» спорт сарайында 21 мен 22 наурыз күндері, «Барыс» командасының «Салават Юлаевпен» арадағы матчында татып көруге болады.

Кейін балмұздақ дүкендерде сатыла бастайды. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, алдағы уақытта «Барыс» фирмасының негізінде тағы бірнеше тәтті тағамдар жасалады.

Соңғы жаңалықтар