«Барыс» хоккей клубының жарақаттанған шабуылшысы Талғат Жайлауовқа диагноз қойылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астаналық «Барыс» хоккей клубының шабуылшысы Талғат Жайлауовқа миы шайқалған деген диагноз қойылды деп хабарлайды Sovsport.ru сайты сенімді ақпарат көзіне сүйеніп.
None
None

«Ол құлаған соң қысқа уақытқа есінен танып қалған. Басында қанды ісік пайда болды. Дәрігерлер оның жатып емделуі қажеттігін айтты», - деп хабарланған онда. Сонымен қатар шабуылшының кем дегенде бір ай бойы мұз айдынына шықпайтыны белгілі болды. Естеріңізге сала кетейік, «Барыс» хоккей клубы плей-офф ойындарының алғашқы раундында Ресейдің «Автомобилист» командасын жеңген болатын. Астаналық әуежайда жанкүйерлер Жайлауовты қолға салып, жоғары-төмен тербете бастайды. Бір сәтте хоккейші ауып кетіп, еденге басымен құлайды. Ешкім оны ұстап қала алмаған. Нәтижесінде Жайлауов біраз уақытқа дейін орнынан тұра алмай жатты. Куәгерлер болса, оған көмек көрсетудің орнына, жапа-тармағай қоршап, ұялы телефондарына түсіре бастайды. Өз күшімен әрең дегенде көтерілген хоккейші ақсаңдай басып жөніне кетті. Ал жанкүйерлер болса оны қол шапалақтаумен шығарып салды.

Соңғы жаңалықтар