«Барыс» хоккей командасында - жаңа бапкер

АСТАНА. 4 маусым. ҚазАқпарат - «Барыс» хоккей командасына жаңа бапкер тағайындалды. Команданың ресми сайтындағы дерекке сүйенсек, «Барысты» енді финляндиялық елу жасар Ари-Пекка Селин баптайды.

«Барыс» хоккей командасында - жаңа бапкер

Селин бұған дейін финляндиялық ХПК командасын баптаған және Финлияндия ұлттық құрамасының бапкерлер кеңесінде жұмыс жасаған. Селинмен бірге командада Андрей Шаянов, Раймо Хелминен, Ерлан Сағымбаев және Александр Ахцигер қызмет етеді, деп жазады «Аламан».