«Барыс» хоккей матчына арнайы автобустар қатынайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Барыс» хоккей матчының өтуіне байланысты 4 күн бойы арнайы автобустар (шаттл) қатынайтын болады, деп хабарлайды Astana LRT компаниясы Фейсбуктегі парақшасында.

«Барыс» хоккей матчына арнайы автобустар қатынайды

«12, 14, 16, 18 қыркүйекте «Барыс» хоккей матчының өтуіне байланысты арнайы «Shuttle - Bus» автобустары шығарылады (кері қатынайды).

Жөнелтілетін жері (отырғызу) - «Қазақстан» спорт кешенінің көлік тұрағы мен Бөгенбай батыр ескерткіші жанындағы көлік тұрағы (Бөгенбай батыр даңғылы мен Сарыарқа даңғылы қиылысында)», - делінген хабарламада.
Бағдарлардың жүру уақыты - сағ. 18:30 (жұмыс күндері), 16:00 (демалыс күндері).
Арнайы «Shuttle-Bus» автобустарында жол жүру құны қоғамдық көліктегімен бірдей.