«Барыс» хоккейшілері «Салават Юлаев» клубына қарсы ойнайды

АСТАНА. 30 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін, 30 желтоқсанда Уфа қаласында астаналық «Барыс» хоккей клубы жергілікті «Салават Юлаев» командасына қарсы кездесу өткізеді.
None
None

Бұл қазақстандық ұжым үшін 2011 жылда өткізетін соңғы ойыны болмақ. Шығыс конференциясында 56 ұпай жинап, 7-орынға тұрақтаған «Барыс» командасы өзінен бір саты жоғары тұрған Уфа хоккейшілерінен бүгін басым түсуге үміттеніп отыр.

Құрлықтық хоккей лигасы аясында аталған командалар бір-бірімен 12 рет матч өткізген. Біздің жерлестеріміз соның 4-уінде ғана жеңіске жетсе, қалған 8-де жеңіліп қалған. Ал биылғы маусымда олар екі рет кездесті. Оның біреуінде астаналықтар жеңілістің дәмін татса, қараша айында өткен екінші кездесуде «юлаевтықтардан» еселерін қайтарды.

Соңғы жаңалықтар