«Барыс» капитаны Кевин Даллмэн ҚХЛ-дің ең үздік ассистент-қорғаушысы тізімінде көш бастады
АСТАНА. 11 қазан. ҚазАқпарат - Астаналық «Барыс» хоккей клубының капитаны Кевин Даллмэн, 8 ойында 7 нәтижелі пас беріп, ҚХЛ Чемпионатында ең үздік ассистент-қорғаушы тізімінің көш басына шықты,
деп хабарлайды клубтың ресми сайты.
Еске сала кетейік, чемпионаттың Шығыс конференциясында 8 ойын өткізіп, 13 ұпай жинаған «Барыс» әзірше 8-орында келеді. Астаналықтар 8 кездесудің 4-ін жеңіп, 3-уінде ұтылып қалды, 1-інде қарсыласқа буллиттер сериясы бойынша жол берді.